“Сұмдық”: Сақалды жігіт шыдамсыздығынан шаштаразшыға қол көтерді

Желіде тараған видео елді шулатты. Шаштараз маманына қол көтерген сақалды азаматтың ісі халықтың ашуына тиді, деп хабарлайды Paryz.kz, Altyn-orda.kz-ке сілтеме жасап. 

“Сұмдық”: Сақалды жігіт шыдамсыздығынан шаштаразшыға қол көтерді

"Нағыз ақымақ”, “Сұмдық”, “еркек емес, ез!” деген сынды пікірлер айтылуда.

Оқиға елордалық сұлулық салондарының бірінде болған. 

Белгілі болғандай, даудамай клиенттің шыдамсыздығынан орын алған. Ол уақытында келгенімен, шаштараз маманы ер адамды күте тұруға сұрады. Ер адам күтіп-күтіп, ақырында ашуына ерік беріп маманға қол көтерді. Салон қызметкерлерінің айтуынша, жәбірленуші жігіт бұрыннан салонда істеп келе жатқан адам, клиенттер тарапынан ешқандай сөгіс естімеген.

34 жастағы қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "ұсақ бұзақылық"бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен кінәлі адамға әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелді.