Журналист Михаил Козачков өзінің телеграм-каналында ІІМ министріне Мейіржан Төребаевты тергеуге қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тарту туралы сауал жолдады, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Құрметті Ерлан Заманбекұлы! Егер блогер Мейіржан Төребаев шындықты айтқан болса, неге бұл туралы ақпаратты жарияламайсыз. Егер қол астыңыздағы қызметкерлер үш бірдей адамның өліміне себепші болса, неге жауапқа тартылмайды. Жалпы өзіңіз әлі де қандай себеппен отставкаға кетпей жүрсіз?
Ал егер Төребаев өтірік айтқан болса, неге әлі күнге дейін 204-бап жалған ақпарат тарту бойынша жауапкершілікке тартылмаған?-деп сауал жолдады Козачков.
Мейіржан Төребаев өзінің 4 миллион оқырманы бар парақшасына Талдықорғанда тергеу барысында үш жігітті өлтірді, ол жақта адамдарды қинап, еш негізсіз өмірін қиюда деген ақпарат таратты.
Кейін ол бұл ақпараттың жалған екенін білмегенін айтты, деп хабарлайды 31 арна.
“Маған парақшама күнделікті көмек сұраған ата-аналардан хат келіп тұратын. Сол кезде Талдықорғанда жас жігіттерді өлтіріп жатыр деген хабарлама түсті, де мен ақпаратты тексермей салып жібердім. Өзім сеніп қалдым, кешірім сұраймын”, - деді блогер.
Өңірлерде халықпен кездесу өткізіп жүрген мәжілісмен Жанарбек Әшімжан "Қаңтар оқиғасына" байланысты істі болып жатқан талдықорғандықтардың туыстарымен жолығып, тергеу изоляторын өз көзімен көріп шығыпты.
Депутат облыстық прокурорлардан тергеу кезінде бір азаматтың қаза болғанын естігенін айтты.
Ел айғайлап шулап жатты. Сол жерде бір адамның қайтыс болғаны туралы фактыны прокурордың аузынан естідім. Бағана қайтадан мен соған звондадым. Ілияс деген прокурордың орынбасарына. Сол кешегі бір адамның қайтыс болғаны туралы сіз айтып қалдыңыз ғой деп сөйткен кезде, иә ол азаптаудан қайтыс болғанын, тергеуден қайтыс болғанын қызметін асыра пайдаланғаны сол бойынша тергеу жүріп жатыр деді, – деді Жанарбек Әшімжан. .