Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Алматыда ер адам тіс жұлдыртам деп, көз жұмды

Алматыда 55 жастағы ер адам стоматологиялық клиникаға барып, ем қабылдағаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматыда ер адам тіс жұлдыртам деп, көз жұмды
Сурет: ашық дереккөз

Қайғылы оқиға 9 ақпанда болған. 

55 жастағы ер адамға стоматологияда “екі тісін жұлып, имплант салу” операциясы жасалған. Отадан кейін ер адам кейін анафилактикалық шок алған. Дәрігерлер адамға алғашқы көмек көрсетудің  орнына шай ішуді ұсынған. 

Туыстарының айтуынша, ер адамның денсаулығы жақсы болған, алайда ол тіс емдейтін клиникалардың бірінде дәрігерлерінің немқұрайлығынан көз жұмған. 

Марқұмның туыстары клиника басшылығымен сөйлескенін жазды. Сол арқылы емхана хаттама бойынша жұмыс істемейтінін, операция жасайтын кезде келісім жасаспайтынын, пациенттерден қажетті сынамалар алмайтынын, кардиограмма және операция алдында анестезия препаратына тест жасалмайтынын білген.

"Тек сөз арқылы келісімге келген. Әкемнің жағдайы нашарлаған кезде емхана қызметкерлері туыстарына қоңырау шалмаған, жедел жәрдем қалалық 12-ауруханаға жалғыз өзін алып келген. Ол уақытта тыныс алмай жатқан. Ақ халаттылардың мұндай әрекеті жазасыз қалмауы керек. Әкемнің орнында кез келген адам болуы мүмкін еді", - дейді марқұмның туыстары.

Осы оқиғаға байланысты Алматы қаласы №12 қалалық аурухананың баспасөз қызметі пікір білдірді. 

“Науқас анафилактикалық шок диагнозымен клиникалық өлім жағдайында Орталық қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Тамыр соғысы болмады, жүрек қағысы естілмеді. 30 минут ішінде реанимациялық шаралар жүргізілді. Өкінішке қарай, жүрек қызметін қалпына келтіру мүмкін болмады”, – деді аурухананың баспасөз қызметі.