Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Ұрып талдыратын бір еркек жоқ па?» - Желі қолданушылары тараздық блогерге ашулы

Атышулы Шырын Нарчаева тағы да ел назарында. Қазақтың ұлттық тағамы, теңгесі мен киімін қорлаған блогер бұл жолы ұлттық валютамен ойнады, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ұрып талдыратын бір еркек жоқ па?» - Желі қолданушылары тараздық блогерге ашулы
Сурет: ашық дереккөз

Нарчаеваның кезекті әрекеті желіде тез тарады. Ол 10 мың теңгелік валютамен көз жасын, қала берді мұрнын сүртіп, көпшіліктің наразылығын тудырды. Желі қолданушылары мұндай әрекет жазасыз қалмау керек деп ашулы. 

Осыны ұрып талдыратын бір еркектің жоқ болғаны ма?”, “Осындай санасы төмен адамдарды көрсете бермеңдерші, ақылсыз”, “Осыларды неге көрсетеді? Керегі сол ғой оларға, пікір жазып, талқылап керек емес. Осындай санасы, миы жоқ "адамдарды" талқылап не керек?”, “Осындайлар неге жауапқа тартылмайды? Жазықсыз адамдарды да бекер тергеп, қинап жатыр ғой?!”, “Ыстық үтікті осындайларға басу керек қой”, “Осыны бір сабаса ғой жанын шығарып”, “Теңгені қорлағандарды жауапқа тарту керек”, “Әр нәрсенің сұрауы бар, сол ақшаға зар болып қалар  - деп жазды желідегілер.