16.02.2022, 16:20

Елордалық полицейлерді лайк пен комментарии жинауға басшылық мәжбүрлейді

Сурет: Turkystan.kz

Заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында елордалық полицейлерге лайк пен комментарии жинауға берілген тапсырманы растайтын құжаттың фотосын жариялады деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

 

«Президент әкімшілігі Ішкі істер министрлігі қалай лайк жинайтынын көріңіздер. «Халық қолдап, керемет бағасын беріп жатыр» деп есеп беретін шығар сіздерге! Ал шындығына келгенде міне, полиция қызметкерлеріне тапсырмамен осылай жазғызады!», – деп жазды ол.

Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» аудандық полиция басқармасының басшысы М. Айтуғановтың атына жазылған рапортта police_esil_nur_sultan_city және police_nur_sultan instagram парақшаларына 420 лайк және 75 комментарии жиналғаны жайында есеп берілген.