Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Ұлтын «қазақ» деп айта салғандай» - «Қаңтарға» қатысты жаңа деректер айқындалуда

«Ақиқат» қоғамдық комиссиясының өкілдері мемлекет басшысының атына үндеу жолдады. Адвокаттар жаппай тәртіпсіздік пен атыс-шабысқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тікелей қатысты болуы жүргізіліп жатқан тергеуге кедергі келтіретініне сенімді, деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ұлтын «қазақ» деп айта салғандай» - «Қаңтарға» қатысты жаңа деректер айқындалуда
Сурет: Turkystan.kz

Айман Омарова бастаған топ қаңтарлық бүліктен кейін қозғалған қылмыстық істерден Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін түгел шеттету керектігін айтады. Өйткені басшылары «мемлекетке опасыздық жасады» дегене күдікке ілінген комитетке сенім жоқ.

«Бүкіл Ұлттық қауіпсіздік комитетінен қылмыстық істерді алып, Бас прокуратураға тергеуге беру керек. Бүлік кезінде комитет қызметкерлері өздерінің нысандарын тастап кетіп қалған. Жоғарыдан түссе де, бұл бұйрық орындалмауы керек деп есептейміз. Өйткені, қызметкерлері ант береді. Комитеттің үстінен қызметіне салғырт қарады деген іс те қозғалмаған», – дейді «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының мүшесі  Гүлайым Сыдықова.

Комиссия өкілдерінің мәліметінше, қамалғандардың арасында Қытай, Сауд Арабиясы және Өзбекстан азаматтары да бар. Бірақ қаралы қаңтарға қатысқан шетелдіктердің нақты саны әзірге белгісіз.

«Зерттеген кезде кейбіреуі өз ұлтын қазақ деп жазғанымен, ұлты басқа сияқты. Ұлты туралы сұрағанда, «қазақ» деп айта салғандай. Мен полицияға ата-анасының ұлтына қарау керегін айттым. Ал өңірлер бойынша көбінесе Түркістан мен Алматы облысының тұрғындары. Басқа облыстардан да бар. Бірақ олардың үлесі аз», –  дейді қоғамдық комиссияның жетекшісі Айман Омарова.

Қоғамдық комиссияның арқасында бірнеше қаланың тергеу абақтыларында жатқан 45 күдікті үйқамаққа жіберілген. Адвокаттар изоляторларда азапталғандардың шағымдарын да қарап, құқықтық кеңес беруде.

Қазір шетел заңгерлерімен де келіссөз жүргізіліп жатқан комиссия мүшелері қаңтар оқиғасына қатысты қозғалған қылмыстық істердің барлығының тергеуіне қатысқысы келетіндіктерін жеткізді.