Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Дикий Арманның" адвокаттары мәлемдеме жасады

Бүгінге дейін қамауда отырған Арман Жұмагелдиевтің қазір қайда екені белгісіз. Оның адвокаттары қорғалушының қайда екенінен бейхабар.1 ақпан күні түнде шымкенттік заңгер Талғат Есімов Facebook желісінде шұғыл тікелей эфир ұйымдастырды, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К -ға сілтеме жасап.

"Дикий Арманның" адвокаттары мәлемдеме жасады
Сурет: Prosports.kz

Адвокат Евгений Яровскийден, басқа Арман Жұмагелдиевтің үш бірдей адвокаты Талғат Есімов, Виктор Кривоносов және Қуат Сәлиев желіде шұғыл тікелей эфирга шықты.

Оның Алматыдағы тергеу изоляторында жатқанына екі айға жуықтады. Әріптестерім екеуміз осындан бір күн бұрынғы кездесуді санағанда онымен екі рет жүздестік. Бізбен бірге ҚР Бас прокуратурасы құрған ведомствоаралық тергеу-жедел тобының мүшелері кірді. Жауап алу кезінде Арман Жұмагелдиев тергеу органдарымен ынтымақтасатынын айтты, — деді Талғат Есімов.

Қорғаушылар 2 ақпан күні "Дикий Арманмен" кездеспек болған. Алайда, кешке олар қорғалушысының тергеу изоляторында жоқтығын біледі. Адвокаттар мұның заңсыздық екенін, бұл туралы оларға ешкім хабарламағанын айтты.

Оны қайда және не үшін алып кеткені белгісіз. Біз тергеу органдарына хабарластық, олар да болған жағдайдан бейхабар, — дейді Талғат Есімов.

Бұған дейін Арман Жұмагелдиев куәлік беруге дайын екендігін мәлімдеген. Қорғаушылардың бірі Виктор Кривоносов "Дикий Арманның" жоқ болып кетуін осы жағдаймен байланыстырып отыр.

Тергеу тобының мүшелері Жұмагелдиевтің куәлік беруге дайын екенін білді. Ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін куәлік беретінін айтты. Бас прокурор бұл не деген бассыздық,— деді Виктор Кривоносов.

"Дикий Арманның" адвокаттары қорғалушысының суицидке бармайтынын айтып тағы бір маңызды мәлімдеме жасады.

Арман Жұмагелдиев суицидке бармайды. Оның өмір сүргісі келеді және ол өз құқығын қорғауға ниетті. Сотталушы бізді ешқашан өз-өзіне қол жұмсамайтынына сендірді,— деп атап өтті Виктор Кривоносов.

Арманның адвокаттары қоғамда қайта тәртіп орнағаннан кейін түсініксіз өлім-жітімнің көбейгеніне алаңдаулы. Және олар қорғалушының өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін қолдан келгенін жасап жатыр.

Адвокат әрқашан қорғалушысының жағдайы туралы хабардар болуы тиіс. Бірақ бізге бұл туралы ешкім ештеңе айтқан жоқ. Біздің білуімізше Арман Жұмагелдиев тергеу изоляторынан шығарылған. Алайда оның қазір қайда екені білгісіз, — деді Қуат Сәлиев.

Президент пен Бас прокурорға үндеу жолдаған адвокаттар Арман Жұмагелдиевтің ісін заң аясында қаралуын сұрады.