Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жанболат Мамай БҰҰ-ға шағым түсіретінін айтты

Бауыржан Байбек белсендіні "ар-намысыма нұқсан келтірді" деп айыптады және сотқа арыз түсірді.

Жанболат Мамай БҰҰ-ға шағым түсіретінін айтты
фото: ашық дереккөз

Тіркелмеген "Демпартия" жетекшісі Жанболат Мамай БҰҰ Адам құқығы комитетіне шағым түсіретінін айтты. Бұған себеп – Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жайлы фильмді өшіруге міндеттеген Қазақстан сотының шешімі көрінеді деп хабарлады Paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, Жанболат Мамай Алматы қаласының бұрынғы әкімі, қазіргі Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің "жемқорлығы" жөнінде зерттеу фильмін жариялады.

Бауыржан Байбек белсендіні "ар-намысыма нұқсан келтірді" деп айыптады және сотқа арыз түсірді. Жанболат Мамай Қазақстандағы барлық сот инстанцияларынан өткенін де айтты.

Қазақстандағы барлық инстанциялардан өттік. Әуезов аудандық сотынан өттік, қалалық соттан өттік. Жоғарғы соттан да қазір өтіп отырмыз. Қазақстанда әділеттің жоқ екенін көріп отырмыз. Енді БҰҰ Адам құқығы комитетіне шағымдануға құқығымыз бар. Алдағы уақытта заңгерлермен ақылдаса отырып, шағым түсіреміз, – деді ол баспасөз мәслихатында.