Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Павлодарлық келіншек жаңа туған сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Жәбірленушілер прокуратураға шағымданған.

Павлодарлық келіншек жаңа туған сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр
фото: ашық дереккөз

Павлодарлық келіншек Мәдина Тоқарова оның толғағын қабылдап, артынша сәбиін өлтіріп алған акушер-дәрігерлер жазаға тартылғанын қалайды деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.  

Келіншектің қызы дүние есігін ашқаннан кейін араға бір апта салып, көз жұмған.

Сараптама қорытындысында баланың өлімі асфиксия мен бас жарақатынан болғаны анықталған. Алайда іс көп ұзамай жабылған. Сондықтан Мәдина шарасыздықтан дәрігерлерді жауапқа тартуды талап етіп, видео хабарлама түсірген. 

Қайғылы оқиға мамыр айында болған. Жүктілік тұрақты болған, бірақ босану кезінде қиындықтар туған. Мәдина Тоқарованың айтуынша, дәрігерлер оны кесарь тілігімен босануға рұқсат бермеген.

Мен кесарь тілігін сұрадым, сен өзің босанасың деді. Баланы дөрекі түрде суырып шығарды. Босануға бес күн қалғанда баланың салмағын дұрыс есептемеген, 2 келіге артық көрсеткен, - дейді келіншек.

Жаңа туған Аяланың өліміне иық дистоцииясы себеп болған – босану кезіндегі асқыну, баланың басы шыққан кезде тұрып қалуы.

№1 қалалық аурухананың перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі Орал Жөкебаевтың айтуынша, ол босанатын әрбір жүз әйелдің бірінде болады. Бұл оның тәжірибесінде алғашқы жағдай екені белгілі болды.

Дәрігерлер сондай-ақ қиын жағдайда ресми түрде тәжірибеде қолданылатын техниканың барлық қолжетімді түрін пайдаланғанын айтты.

Бұл ретте адвокат Айнаш Шалғымбаева сотқа дейінгі тергеу жеткілікті дәрежеде сауатты жүргізілмеген деп есептейді. Жәбірленушілер прокуратураға шағымданған.

Түрлі кезекші тергеушілер, анықтаушылар үнемі ауысып отырды. Прокуратурамен сөйлестім, олар шынымен де менің арызым бойынша қылмыстық істі қайта қозғайтындарын айтты, - деді Шалғымбаева.