Қызылордада ПБ басшысы есірткі сатқаны үшін ұсталды

ПБ басшысынан бөлек, Шиелі аудандық полиция бөлімінің басшысы парақорлық фактісі бойынша ұсталған. 

Қызылордада ПБ басшысы есірткі сатқаны үшін ұсталды
фото: ашық дереккөз

Қызылорда облыстық Полиция департаменті Қызылорда қалалық Полиция басқарма басшысының ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды . 

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ-та Қызылорда қалалық ІІБ бастығының есірткі сатумен ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ақпаратқа сәйкес, ПБ басшысынан бөлек, Шиелі аудандық полиция бөлімінің басшысы парақорлық фактісі бойынша ұсталған. 

Қызылорда қалалық ІІБ бастығы Н.Ағаділовқа қатысты жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ол кезекті еңбек демалысында, бүгінгі күнге дейін оған қатысты процессуалдық шара қолданылған жоқ, - деп хабарлады Полиция департаменттің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысының ПД басшылығы полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты кез келген істерді өрескел және жол беруге болмайтын жайт деп санайтынын ата өтті. 

Тұрақты негізде қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде, - деп толықтырды ведомство өкілдері.