Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкенттегі мектепте полиция қызметкері жасөспірімді соққыға жыққан

Мектеп оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Шымкенттегі мектепте полиция қызметкері жасөспірімді соққыға жыққан
фото: дереккөз

Шымкентте учаскелік полиция инспекторы жасөспірімді соққыға жыққан. Оқиға оқушы оқитын мектепте болған. Бүгінде бойжеткенге ауруханада жабық бас сүйек-ми жарақаты диагнозы қойылды деп хабарлайды Paryz.kz.

Болған оқиға туралы «Ана жолы» қайырымдылық қорының еріктілері жазды. 6 қазанда Қор қызметкерлерінің бірінің қызын учаскелік полиция инспекторы, капитан Әлия Атамбаева соққыға жықты. Ол №43 мектепке рейдпен келген. 10 сынып оқушысы Бұлбұлдың заттарының ішінде темекі шыққан. Осыдан кейін оны мектеп директорының кабинетіне шақырған. Онда камералар жоқ. Қыз полицейлердің әрекетіне жауап ретінде сөз қайтарған. Бұл үшін олар оны телефонмен басынан ұрған. Баланың анасының айтуынша, директор инспекторды тоқтатпаған.

Қыз әлі ауруханада. Дәрігерлер жасөспірімге бассүйек-ми жарақаты диагнозын қойды.

Жалпы жағдайы орташа ауыр. Басын тексергенде терісінің көлемі бес сантиметрге дейін ісінуі байқалады. Көгерулер жоқ. Диагностика: ЦКМТ, – деп қорытындылады қалалық балалар клиникалық ауруханасының невропатолог дәрігері.

Қыздың анасы полицияға арыз жазған. Қазіргі уақытта іс Шымкент Полиция басқармасының ішкі қауіпсіздік бөлімінде.

Еңбекші АІІБ қызметкері, полиция капитаны А.Атамбаеваның заңсыз әрекеттерінің белгілеріне байланысты іс Шымкент қаласы ДП ішкі қауіпсіздік бөліміне жіберілді, – деп түсіндірді Шымкент қалалық ДП баспасөз қызметі.

Мектеп оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.