Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Түркістан облысында балабақша қызметкері баланы жертөлеге қамап қойған (ВИДЕО)

Балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы баланы тек "жылан көрсету үшін" жетектеп бардым деп отырған көрінеді. 

Түркістан облысында балабақша қызметкері баланы жертөлеге қамап қойған (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы балабақша қызметкерлерінің бірі тәрбиеленушіні жертөлеге қамап қойған деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға Сарыағаш ауданындағы "Ақ көгершін" балабақшасында болған. 

Facebook қолданушысы Нұрсұлтан Тошаев балабақшада болған жағдай туралы мәлімдеп берді.  

Оның айтуынша, Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округіндегі балабақшада тәрбиеленушіні жертөлеге қамап қойған. Онда жертөледе болғанын айтқан кішкентай бала өзін қамаған жерін көрсетіп, қатты қорыққанын айтады. Бұл уақытта тәрбиеші жұмыста болмаған. Бүлдіршінді балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы жертөлеге апарған екен. Ол баланы қараңғы бөлмеде қамап қою ойында мүлдем болмағанын айтып, тек "жылан көрсету үшін" жетектеп бардым деп отырған көрінеді. 

Оқиғаға қатысты Түркістан облыстық Полиция департаменті пікір білдірді. 

Түркістан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Сарыағаш ауданындағы балабақшада 5 жасар баланы жертөлеге қамап қойған видеоны көріп қалды. Бұл жазба бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері мен ауданның прокуратура қызметкерлері бірден оқиға орнына барды. Болған жайт анықталып, Сарыағаш АПБ-де тіркеуге алынды, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар тәртіп сақшылары балабақша қызметкерлерінен және кәмелет жасына толмаған баланың ата-анасынан жауап алды. Қазіргі уақытта осы жайт бойынша полицейлермен қажетті деген заң аясындағы тиісті жұмыстардың барлығы атқарылуда.