Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркістан облысындағы ұстаздар жанжалы: Мектеп басшылығы түсінік берді (ВИДЕО)

Қос мұғалім бір-бірене қол көтеруге дейін барған көрінеді.

Түркістан облысындағы ұстаздар жанжалы: Мектеп басшылығы түсінік берді (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Түркістан облысы Шардара ауданындағы мектептердің бірінде болған айқай-шудың видеосы желіде тарады. Видеодағы долы әйел - ауыл мектебінің, онда да гимназияның оқу ісі жөніндегі орынбасары болып шықты деп хабарлайды Paryz.kz"Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Айқай шудың ортасында жүрген қос ұстаздың да аты аталады. Бірі - Түркістан облысы Көксу ауылындағы мектеп-гимназияның оқу ісі жөніндегі орынбасары Райгүл Мұсалиева және тағы бірі - ағылшын тілі пәні мұғалімі Сандуғаш Жақыпова.

Мектеп директорының телеарнаға телефон арқылы берген сұқбатына сүйенсек, дау сағатты бөлу кезінде туған. Татуластырмақ болған әрекетінің де сәтсіз болғанын айтты. Қос мұғалім бір-бірене қол көтеруге дейін барған көрінеді. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр деді.

Мектебімізге бүгін Түркістан облысының бақылау департаменті мамандары келді, тексеріп жатыр. Мектептің мектепішілік әдеп кеңесінде де қаралды, бұл кісілердің мәселелері. Бірақ ол жерде де бір тиімді шешім шыққан жоқ. Құқық қорғау органдары тексеріп жатыр, сол кісілердің шешімін күтіп отырмыз. Соттың да шешімін күтіп отырмыз, - дейді Т.Айбергенов атындағы мектеп директоры Мырзабек Қаныбеков.

Мектеп директорының айтуынша орынбасары тарапынан қоқан-лоққы көрдім деген үшінші тұлға бар. Барлығы бір-бірінің үстінен талап-арыз түсіріп отыр дейді.

Айта кетейік, директордың гимназия сыныптары бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары 41 жаста. Ол бұл лауазымда 2014 жылдан бері отыр. Ал 38 жастағы ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болса, бұл мектепте 18 жылдан бері дәріс беріп келеді.