Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкентте мәдениет үйінің қызметкері журналисті қарғап тастаған (АУДИО)

Е.Айнабеков сөзіне дәлел ретінде осы екеуара болған әңгіменің аудиожазбасын да Facebook-парақшасына жүктеген. 

Шымкентте мәдениет үйінің қызметкері журналисті қарғап тастаған (АУДИО)
фото: дереккөз

Шымкенттік журналист Ерболат Айнабеков қарғыстың астында қалғанын айтады. Қарғысты көшедегі біреуден емес, білдей бір мәдениет үйінің қызметкерінен естідім деген ол Facebook-парақшасында жазба жариялады деп хабарлайды Paryz.kz

Азаттық рухы-ның жазуынша, журналист әлеуметтік желіде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан мен «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің қызметкері Жанар Сәмбетованы сынап жазған көрінеді. Арада бір күн өтер-өтпес оның телефонына Ж.Сәмбетова хабарласып, қарғыс жаудырыпты. Е.Айнабеков сөзіне дәлел ретінде осы екеуара болған әңгіменің аудиожазбасын да Facebook-парақшасына жүктеген.

Аудиожазбада сөйлеген әйел адам журналисті суретіне қарап оқитынын, жолын байлайтынын ескерткен.

Еске салайық, осыған ұқсас жағдай бұған дейін де болған еді. Журналист Серік Боқан Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханнан қарғыс естідім деп әлеуметтік желіде жазба қалдырып, кейін ол үшін өкінетінін де мәлімдеген болатын. Тілеуханның өзі болса қарғыстың қазақтың дәстүрінде, фольклорында кездесетінін айтып, журналисті қарғағанын жоққа шығармады.