Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Төбелесті бастаған сот орындаушының өзі": Куәгерлер оқиғаның мән-жайын айтты

Ол сот орындаушы келген кезде оқиға орнында болған. Әйел үй иесі емес, сот орындаушы бірінші болып физикалық күш қолданғанын айтады.

"Төбелесті бастаған сот орындаушының өзі": Куәгерлер оқиғаның мән-жайын айтты
фото: видеодан скриншот

Алматыда сот орындаушысы мен борышкер арасындағы даудың мән-жайы белгілі болды. Куәгерлер соққы алдым деп жар салған сот орындаушысы үйдің қожайынын аяғымен теуіп, төбелесті өзі бастағанын жеткізді деп хабарлайды Paryz.kz“КТК” телеарнасына сілтеме жасап. 

Баспана иесі бірнеше шаршы метр жалғап, үйін кеңейтпек болыпты. Алайда бұл құрылысқа үзілді-кесілді қарсы болған көршісі Тимур Сағындықов сотқа жүгініп, жеңіп шыққан. Оның айтуынша, өмірімізге қауіп төндіретін қосалқы бөлмелер құлаудың алдында тұр.

Ал жәбір көрген сот орындаушысы өзіне қатты қысым көрсеткенін айтып шағымданды. 

Мені қорқытты, физикалық күш қолданды. Соққы қатты болды, денем көгеріп қалды, ауруханаға жүгіндім. Бір жерім сынып кеткен шығар деп ойладым, бірақ барлығы жақсы болды. Жағдайым нашар еді. Тұрып қарағанымда полиция қызметкерлері болған жоқ, – дейді жеке сот орындаушы Әділ Ермеков. 

Раиса Азизова - жанжалға куә болғандырдың бірі. Ол сот орындаушы келген кезде оқиға орнында болған. Әйел үй иесі емес, сот орындаушы бірінші болып физикалық күш қолданғанын айтады. Сонымен қатар келіншек сотқа жүгінген көршінің өзі қабырғаны қиратқанын алға тартты. 

Мақсұт – үйдің қазіргі қожайыны Искаков шығып, бейбіт түрде: "Міне, мен жаңа қожайынмын. Борышкер қайда? Кімнің тегі көрсетілген? Нақты фамилия бар. Менің фамилиям жазылған ба? Жоқ? Сонымен, қайтадан сотқа беріңіз" деді. Бас сот орындаушысы Ысқақов Мақсұтты тепкінің астына алды. Полиция жанымызда тұрып, ештеңе істемеді, – дейді ол. 

Бұл - биылғы жеке сот орындаушыларға жасалған шабуылдардың алғашқысы емес. Осыдан екі апта бұрын ипотекалық үйден шығару кезінде Алматы тұрғыны сот орындаушыларға оқ жаудырған. Салдарынан бес адам көз жұмды.

Бүгінде бізде мемлекеттік және жеке сот орындаушылары бар. Мемлекеттік сот орындаушысына шабуыл жасалу жағдайына қатысты Қылмыстық кодексте бап бар. Бұл "Мемлекеттік қызметкерге күш қолдану" бабына жатады. Бұл бап жеке сот орындаушысына қолданылмайды, – дейді Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы  Нұржан Арингазинов.