Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралда 21 жастағы қызды өлтірді деген күдіктінің әкесі ұлы жайлы айтты

Қылмыстың себебі әлі айтылған жоқ, жәбірленуші мен оны өлтірді деп айыпталған күдіктінің қандай байланыста болғаны да белгісіз.

Оралда 21 жастағы қызды өлтірді деген күдіктінің әкесі ұлы жайлы айтты
фото: дереккөз

Анастасия Чернаяны өлтірді деп күдіктеліп отырған ер адам туралы мәліметтер белгілі болды деп хабарлайды Paryz.kz"Мой город" порталына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының 27 жастағы тұрғыны қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қазір ол ұсталды. Қылмыстың себебі әлі айтылған жоқ, жәбірленуші мен оны өлтірді деп айыпталған күдіктінің қандай байланыста болғаны да белгісіз.

Белгілі болғандай, ер адам 13 жастан бастап патронат отбасында тәрбиеленген. Одан басқа, отбасында асырап алынған басқа да балалар, отбасының туған қыздары да болған. Мұғалімдер мен көршілер бұл отбасына жақсы сипаттама береді.

Күдіктінің патронат ата-аналары бұл жаңалықты естіп, есеңгіреп қалды.

Жақсы оқыды, институт бітірді. Мамандығы бойынша болмаса да, жұмыс істеді. Үйленді, балалы болды. Мұның қалай болғанын өзім де түсінбедім, – дейді күдіктінің әкесі.

Отбасында одан бөлек асырап алған үш ұлы және туған қыздары бар.

Балалары жақсы. Бір баласы мектепті “Алтын белгіге” бітірді. Бәрі өсіп-өнді, тәрбиеленді. Бәрі жақсы болатын. Оған жанымыздан үй салып жатқанмын, – дейді ер адам.

Күдіктінің әкесі бұл оқиғадан соң далаға шығудан қалғанын айтады. Ол Анастасияның ата-анасымен байланысып, көңіл айтпақшы. 

Мұндайды естігенше, өлгенім артық еді, – дейді ер адам. 

Айта кетейік, жас қыз 13 қыркүйекте жоғалып кеткен. Таңертең үйінен шығып, оралмаған. 2 күннен кейін шопан оның жараланған денесін ормандағы күл арасынан тапқан. 21 қыркүйекте жақындары марқұмның жерлеу рәсімін өткізді.