"Позор!": Бақтияр Артаев әлеуметтік желідегі әрекетімен ұятқа қалды

Бақтияр Артаев бокстан олимпиада чемпионы Ангелина Лукасты құрамадан шығару туралы үндеуді өзінің желідегі парақшасына репост жасаған.

"Позор!": Бақтияр Артаев әлеуметтік желідегі әрекетімен ұятқа қалды
фото: ашық дереккөз

Олимпиада чемпионы мен Қазақстан бокс федерациясының жаттықтырушы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бақтияр Артаев желіде сынға қалды, деп хабарлайды Paryz.kzSputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Бақтияр Артаев бокстан олимпиада чемпионы Ангелина Лукасты құрамадан шығару туралы үндеуді өзінің желідегі парақшасына репост жасаған. Бұл әрекеті өз кезегінде боксшы Аида Сатыбалдинованың наразылығын тудырды.

Аида Сатыбалдинова қазақстандық спортшы, ауыр атлетикадан спорт шебері, бокстан спорт шеберіне үміткер. 2017 жылы АҚШ-қа кетіп, енді кәсіби рингте өнер көрсетіп жүр. Ол сұхбаттарының бірінде құрамада қысым көргенін, шетелге көшуге мәжбүр болғанын айтқан. Сатыбалдинова Бақтияр Артаевтың әрекетіне наразы болды.

Қараңызшы, нені бөлісіп отырғанын?! Мұны да жетекші дейді-ау. Қасаң ойлы. Не деген ұят! Осындай адамдарды басшы еткен кезде ел құрдымнан шыға алмайды. Мұндай қазақтар үшін ұялып отырмын. Жылап, президентке шағымдансаншы тағы!  Не деген ұят! – дейді боксшы.

Бұған дейін Қазақстанда бокстан әйелдер құрамасының екі спортшы: 28 жастағы Назым Қызайбай мен 23 жастағы Ангелина Лукас арасында жанжал шықты. Екі қыз да 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді, екеуі де Токио Олимпиадасына қатыспады. 

Спортшылар бір-бірін қысым көрсетті деп шағымданған. Содан соң Ангелина Лукас “жанжалды жағдай тудырғаны үшін” құрамадан шығарылған.

Бақтияр Артаевтың бұл оқиғаға қатысуынан соң екеуара қақтығыс күшейе түсті. Лукас президент, елбасыға үндеу жасап, 10 жыл бойы армандап келе жатқан мақсатынан айырылатынын айтқан. Осыдан кейін бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев мәселеге араласып, Ангелина Лукас ұлттық құрамада қалатынын айтты, алайда ұлттық құрамадан бөлек жаттығады деп шешілді.