Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Қабатовтың қызы қайда оқуға түскенін көрсетті (ФОТО)

Айта кетсек, тамыз айында заңгер Абзал Құспан Қабатовтың қызының орнына басқа біреу ҰБТ тапсырғанын айтқан болатын. Бұған байланысты қазақстандықтар оқушының “Алтын белгіні” әділ жолмен иеленгеніне тексеру жүргізуді талап етті. 

Қабатовтың қызы қайда оқуға түскенін көрсетті (ФОТО)
фото: ашық дереккөз

Жақында басы дауға қалған Тұрсынбек Қабатов отбасымен Дубайда жүр. Актердің жары Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде саяхаттың көріністерімен бөлісті. Ал қызы Адема Тұрсынбекқызы өзі оқитын оқу орнын көрсетті деп жазады Stan.kz.

Мөлдір Мұқанова қызының студент болуымен құттықтаған оқырмандарына алғыс айтты. 

Сіздердің де бала-шағаларыңыз студент атанып, биіктей берсін, - деп жазды ол. 

Өз кезегінде актердің қызы университеттің суретін жариялады. Бұған дейін Қабатов қызының шетелге оқуға түсетінін айтқан болатын. 

Айта кетсек, тамыз айында заңгер Абзал Құспан Қабатовтың қызының орнына басқа біреу ҰБТ тапсырғанын айтқан болатын. Бұған байланысты қазақстандықтар оқушының “Алтын белгіні” әділ жолмен иеленгеніне тексеру жүргізуді талап етті. Оқиға жайлы әзілкештің өзі де пікір білдірді. Ал Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы Тұрсынбек Қабатовтың қызын жақтап шыққан еді. Басқарма оқушы Аманғали А.Т. мектептерде оқу кезінде жоғары нәтиже көрсеткенін және шынымен де жылдық қорытынды бағалау нәтижелері бойынша "Алтын белгі" иегері екенін хабарлады. Ал Қабатовтың жары жақында халықтың алдында есеп беретінін, отбасына тіл тигізгендердің жазасыз қалмайтынын ескертті.