Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Мектеп оқулығына хиджаптың суреті енген": Ұстаздар Аймағамбетовке шүйлігіп жатыр

Сондай-ақ ол өз жазбасында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті белгілеп, дау қуып отырмағанын жеткізді.  

"Мектеп оқулығына хиджаптың суреті енген": Ұстаздар Аймағамбетовке шүйлігіп жатыр
фото: дереккөз

БҒМ Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы, Сіздердің орамалдың қазіргі үлгісін қазақтың ұлттық бас киімі қатарына қосуларыңызды жөн деп есептемеймін. Тарихты өзгертіп, «менбілемге» салуға болмайды. Үлкен практикалық орталық солай етсе, басқадан бәрін күтуге болады. Суреттеріңіз хиджапты белгілеген. Бұл туралы желі қолданушысы Айнұр Сабыр facebook-парақшасында жазды деп хабарлайды Paryz.kz.  

Сонымен қатар сіздер көрсеткен өзгертілген оқулықпен мектептер қамтылмаған. Шығыс, Батыс, Алматы облыстары мектептерінен фотоотчёттар келуде. Хиджабы бар оқулықпен оқып отыр. Неге? Сарапшыларыңыз орамал деп жеңістік бермегенмен, сол кітапты оқитын, сол кітаптың нағыз иесі БАЛАЛАР шетелдік Нусса мульт кейіпкерінің анасының бас киімі деп нұсқап отыр, яғни хиджап! Өздеріңіздің түрлі қиялдарыңызбен (сән әлемін шарлаған) баланы адастырмаңыз. Қазақтың орамалы АҚЖАУЛЫҚ! АҚЖАУЛЫҚҚА ҚОЛ СҰҚПАҢЫЗДАР! ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ МАЗАҚ ЕМЕС! ҰРПАҚҚА КЕРІ ТӘРБИЕ БЕРМЕҢІЗДЕР! – деген А.Сабырдың бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Сондай-ақ ол өз жазбасында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті белгілеп, дау қуып отырмағанын жеткізді.  

Askhat мырза, маған дау керек емес! Менің баламның адаспағаны, қазақтың ұлттық құндылықтарын танығаны керек! Сізден алдағы уақытта жаңадан басып шығарылатын оқулықтардың сапасының мұқият тексерілуін ҚР-ның азаматы, ата-ана, педагог ретінде сұраймын, – деген Айнұр Сабырдың жазбасын белгілі педагог әрі танымал желі қолданушысы Өмір Шыныбекұлы өз парақшасына бөлісіп, жазба арнаған:  

2-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығында қазақ халқының ұлттық киімдері қатарына «сыналатып» хиджабты тығып жібергендердің пиғылы не болды екен?

Айтпақшы, оқулық авторлары Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас дегендер белгілі. Мүмкін, әлеуметтік желіде өздері немесе туыстары отырған болар..

Идея авторлары кім болды екен? – деп жазған ол.