Бұл жаңалықты әнші Instagram парақшасында жазды.
«Таяу күндері мен әнін шырқаған Джеки Чанның ««Авангард» фильмі жарыққа шығады. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрдан көріңіздер«, - деп жазды Димаш Құдайберген.
Еске сала кетейік , Димаш пен Джеки Чан бұрыннан жақсы таныс. Қазақ әншісі Қытайда өткен I am Singer жобасында миллиондаған қауымның жүрегін жаулаған болатын. Сонда әйгілі актермен кездесіп, иығына қазақтың шапанын жауып, қоңыр үнді домбырасын да сыйға тартқан еді.