Imanbek тағы бір жүлдені жеңіп алды

Бұл туралы музыкант Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Imanbek тағы бір жүлдені жеңіп алды
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) Billboard Awards жүлдесінің иегері болды, деп жазады Paryz.kz. 

Бұл туралы музыкант Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Иманбек Зейкенов Saint JHN-ның Roses әніне жасаған ремиксі үшін "үздік электрон ән" номинациясында марапатқа ие болды.

"Billboard Awards марапатын алдым. Ол да Grammy сияқты, тағы бір сыйлық қанжығада", - деп жазды музыкант.