"Онсыз болмайды": Мейрамбек Бесбаев коронавирустан құтылудың жалғыз жолын атады (ВИДЕО)

Әншінің өзі вакцинаны жазда салдыруды жоспарлап отыр.

"Онсыз болмайды": Мейрамбек Бесбаев коронавирустан құтылудың жалғыз жолын атады (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев Paparazzi бағдарламасында халықты вакцина салдыруға үгіттеді, деп жазады Paryz.kz Almaty tv телеарнасына сілтеме жасап.

Әншінің пікірінше, індеттен құтылудың бірден-бір жолы – вакцина салдыру.

"Вакцинаны салдырмаса болмайтын шығар. Онсыз болмайды. Өйткені қаншама жақындарымыздан айырылдық. Бұл ойнайтын нәрсе емес. Өте қауіпті індет. Одан сақтанудың тиімді жолы вакцина болып тұр. Сондықтан аман қалу үшін халықты вакцина салдыруға үндеймін",  - деді Мейрамбек Бесбаев. 

Әншінің өзі вакцинаны жазда салдыруды жоспарлап отыр. Өйткені ағзасында коронавирусқа қарсы антиденелер әлі бар екен.