Сәкен Майғазиев Ерке Есмахан мен A.Z арасындағы сезімге пікір білдірді

Бірақ жұлдызды жұп қуанышты жаңалықпен ашық түрде бөліспеді.

Сәкен Майғазиев Ерке Есмахан мен A.Z арасындағы сезімге пікір білдірді

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмахан некелесті, деп жазады Paryz.kz. 

Бірақ жұлдызды жұп қуанышты жаңалықпен ашық түрде бөліспеді. Екеуінің жас айырмашылыққа қарамай отау құрғанына Сәкен Майғазиев «Опмай-опмай» бағдарламасында пікір білдірді.

Ерке жолдасынан үлкен. Алайда "махаббат жасқа қарамайды" деген ұстанымда. Өнердегі әріптестері де бұл пікірге қосылды.

«Ғашықтар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат таусылмайтын әңгіме» деген еді ғой Мұхтар Шаханов ағамыз. Сол секілді егер адам ұғынысып тұрса, бір-бірін жақсы көрсе, сезімі болса, ол жасқа қарамайды. Әйел үлкен болса, да ер азаматы үлкен болса да, ол сезімге, сыйластыққа байланысты. Адам кеш үйлене ме, ерте тұрмыс құра ма, әуелі Алланың қалауы болады. Тағдырға не жазылса, солай болады», –  деді Сәкен Майғазиев.