Танымал әнші Кентал (Талғат Кенжеболатов) алғаш рет әке атанды. Өнер иесі ұлды болғанын өзі сүйіншіледі, деп жазады Paryz.kz.
Қуанышы қойнына сыймаған жұлдызды әке бұл жаңалығын бірден Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен бөлісуді жөн көрген.
"Сүйіктім екеумізді құттықтаймын. Біздің ұлымыз қасиетті мейрамның алғашқы күні дүние есігін ашты. Бастысы бұл өмірде адам бол. Бақытты бол. Өмірге қош келдің, балам", - деп жазды Кентал.