"Ауруханада жатырмыз:" Мөлдір Әуелбекова жағымсыз жаңалығымен бөлісті

Сондай-ақ екіншісіне аяғы ауыр әнші желідегі оқырмандарынан коронавирустан қорғану шараларын сақтауларын сұрады. 

"Ауруханада жатырмыз:" Мөлдір Әуелбекова жағымсыз жаңалығымен бөлісті
Фото: ашық дереккөз

Әнші Мөлдір Әуелбекова коронавирус жұқтырып алғанын Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді, деп жазады Paryz.kz.

Сондай-ақ екіншісіне аяғы ауыр әнші желідегі оқырмандарынан коронавирустан қорғану шараларын сақтауларын сұрады. 

"Бұл жағымсыз жаңалығыммен бөліскім келмеп еді... Бірақ мына жақтағы көріністі көзбен көріп, өз басымнан өтіп жатқан соң, Сіздерге өтініш білдіру мақсатында бөлісуді ұйғардым. Бірнеше уақыттан бері біз COVID-19 жұқтырып ауруханада жатырмыз. Дер кезінде бұйырған емді қабылдап қазіргі хәліміз Алланың қалауымен жаман емес, шүкір. Сіздерге өтініш, сақтанып жүріңіздерші! COVID өршіп тұр. Қажетсіз жиындар, той мен отырыстан бас тартыңыздаршы. Бетперде шешпей киіп жүріңіздерші! Үйдегі әлсіз қарттарымыз үшін, кішкентай бала-шағамыз үшін және мен сияқты иммунитеті төмен аяғы ауыр келіншектер үшін бұл өте маңызды. Алла жұртымыздың амандығын берсін! Сырқаттарға шипасы мен жеңілдігін берсін! Сақ болайық!", - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.