Аштықтың 20-шы күні блогер өзін толықтай тазарған адам секілді сезінетінін, алайда денесінен бірқатар өзгерісті байқағанын сөз етеді: оның бұлшықеттері өзгеріп, салмағы азайған.
40 күндік аштық жариялаған 40 жастағы ресейлік блогер Виталий Выграновский Абхазияда қайтыс болды, деп хабарлайды "Двач/Ньюсач" Telegram-каналы.
Выграновский видеоблогында өзін сынап көруді және 40 күн бойы сусыз, тамақсыз өмір сүруді жоспарлап отырғанын айтқан еді. Ол наурыздың ортасында Мәскеуде жүргенде ашығуды бастайды. Аштықтың 10-шы күні өзін нашар сезіне бастағандықтан және қаланың атмосферасы мазасын қашырған соң Абхазияға көшуге шешім қабылдайды.
Аштықтың 20-шы күні блогер өзін толықтай тазарған адам секілді сезінетінін, алайда денесінен бірқатар өзгерісті байқағанын сөз етеді: оның бұлшықеттері өзгеріп, салмағы азайған. Виталий физикалық белсенділікке күші қалмағанын, тек жүруге әлі келетінін де жасырмайды.
Блогер аштықтың 30-шы күні дене қызуы көтерілгенін, 35-ші күні өзін өлім аузында жатқандай сезінетінін, бірақ ашығуын тоқтатпағанын мәлімдейді.
Өкінішке қарай блогер әбден әлсіреп, тәжірибесінің соңында көз жұмған.