"Керемет жаңалығым бар": Димаш Құдайберген тыңдармандарын елең еткізіп қойды (ВИДЕО)

Саунд-продюсер Ерлан Бекчуриннің айтуынша, Димаштың әнін жазған кезде команда Майкл Джексон, Куинс Джонс және Стиви Уандер сияқты аты аңызға айналған орындаушылардың шығармашылығынан шабыт алған.

"Керемет жаңалығым бар": Димаш Құдайберген тыңдармандарын елең еткізіп қойды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Димаш Құдайберген тыңдармандарын елең еткізіп қойды. Әнші жақында «Be with me» әніне арналған жаңа бейнебаяны Youtube-арнасында шығатынын мәлімдеді, деп жазады Paryz.kz.

«Сәлем, Dears. Сіздер үшін осы бір бейнені түсірейін деп шештім, себебі керемет жаңалығым бар. Ертең менің ресми YouTube каналымда «Be with me» әніне арналған жаңа музыкалық бейнебаянымның тұсаукесері болады. Сіздерге ұнайды деп сенемін. Ертең жолыққанша! Сіздерді қатты сағындым, жақсы көремін. Беттеріңізден қайта-қайта сүйдім! Кездескенше», - деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, 2 сәуірде барлық цифрлық музыкалық платформаларда Димаш алғаш рет «Dimash Digital Show» онлайн-концертінде орындаған «Be With Me» композициясының студиялық нұсқасы шықты.

Саунд-продюсер Ерлан Бекчуриннің айтуынша, Димаштың әнін жазған кезде команда Майкл Джексон, Куинс Джонс және Стиви Уандер сияқты аты аңызға айналған орындаушылардың шығармашылығынан шабыт алған.