"Аузыңнан түскендей": Қанат Әлжаппаровтан аумайтын адам Кореяда жүр (ВИДЕО)

Видеоға куә болған желі қолданушылары сенімсіздік танытып, Қанаттың өзі екенін жарыса жазып жатыр.

"Аузыңнан түскендей": Қанат Әлжаппаровтан аумайтын адам Кореяда жүр (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қанат Әлжаппаровтың сыңары Кореядан табылды. Өзінен аумайтын азаматтың видеосын әзілкеш Instagram-дағы парақшасына жүктеп, оқырмандарының жүзіне күлкі үйірді, деп жазады Paryz.kz. 

"Мен қазақпын ба, кәріспін бе деген ой келеді кейде", - деп жазды Қанат Әлжаппаров.

Видеоға куә болған желі қолданушылары сенімсіздік танытып, Қанаттың өзі екенін жарыса жазып жатыр.

"Қанаттың атасынан сұрау керек, бір гәп бар", "Аузыңнан түскендей", "Қанеке, атаң бір жылдары Кореяға барған жоқ па?", "Мен Сарыағаштан сізден аумайтын азаматты көргенмін, суретке түсуге ұялдым", "Қанаттың өзі емес пе?", "Өзі шығар, кәрісше сөйлеп тұрған", - деп жазуда олар.