Нұр-Сұлтанда Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш орнатылады

Жоба демеушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Нұр-Сұлтанда Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш орнатылады
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда талантты әнші, композитор Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш орнатылады. Елорда әкімдігі осыған арнап үздік эскиз идеясына байқау жариялады. Ұсыныстарды Birge платформасына оң жағынан төменгі бұрышындағы «Кері байланыс» батырмасы арқылы жіберуге болады.

Қалалық саябақта композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарланып отыр. Жоба демеушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Көрнекті әнші және композитор Батырхан Шөкенов 1962 жылы 18 мамырда дүниеге келген. 2015 жылдың 28 сәуірінде оның қазасы туралы ақпарат миллиондаған тыңдарманы үшін ауыр тиді.