Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Сенімсіз ұйымды жарнамалаған Роза Әлқожа халықтың салған ақшасын қайтармайтынын кесіп айтты (ВИДЕО)

Аллаға сенбейсіздер ме, маған неге сенесіздер.

Сенімсіз ұйымды жарнамалаған Роза Әлқожа халықтың салған ақшасын қайтармайтынын кесіп айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Карантин кезінде лоторея ойнатқан Роза Әлқожа халықтың салған ақшасын қайтармайтынын мәлімдеді, деп жазады Paryz.kz.

Әнші "Кел, татуласайық!" бағдарламасына келіп, қазір жұмыссыз екенін алға тартып, халықтың ақшасын тауып бере алмайтынын айтты.

"Өсім деген харам ғой. Мен қолыммен таратып бердім бе өсімді. Инвестицияны мен қолыммен бердім бе, берген жоқпын ешкімге. Аллаға сенбейсіздер ме, маған неге сенесіздер. Жарайды маған сенген екен, кешірім сұрап отырмын. Енді мен қайдан тауып беремін. Менде жұмыс жоқ. Карантин әншілерді білесіз. Сонда не сұрап отыр", - деді әнші. 

Естеріңізде болса, былтыр пандемияға дейін танымал әншілер лотерея ұйымдастырып, түрлі ойын ойната бастаған болатын. Оған қоса, қаржы пирамидасына ұқсас арты лас дүниені халыққа жарнамалап, сеніміне кіріп, ақшаларын алып алғаны хабарланды. Олардың қатарында әнші Роза Әлқожа да бар.