22.04.2021, 17:36

Ерлі-зайыпты Хасанғалиевтер жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: ашық дереккөз

Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп.

Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады Paryz.kz.

Өнер иесінің ұлы Біржан Хасанғалиев жайсыз хабарды Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

"Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің айтқан: "жағдайы тұрақты, нашарлау жоқ" - деген сөзі көп үміт және сенім береді", - деді әншінің ұлы.

Ерлі-зайыпты Хасанғалиевтердің коронавирус жұқтырғаны 10 сәуірде белгілі болған еді.