"Оны бәрібір біліп қоямын мен": Жанар Айжанова қызына қатысты шындықты айтып қойды (ВИДЕО)

Көбелектің ар жағындағы аруды Айжұлдыз деп болжаған Жаханға анасы мүмкін емес екендігін айтты.

"Оны бәрібір біліп қоямын мен": Жанар Айжанова қызына қатысты шындықты айтып қойды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Жанар Айжанова "Маска" бағдарламасының түсірілімінде отбасына қатысты сырды жайып тастады, деп жазады Paryz.kz.

Көбелектің ар жағындағы аруды Айжұлдыз деп болжаған Жаханға анасы мүмкін емес екендігін айтты. Осы орайда отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісіп, қызын ішінен танып қоятынын да қоса кетті.

"Менің қызым басқаны жасырса да, қарнын жасыра алмайды. Оның аяғы ауыр. Оны бәрібір біліп қоямын мен" , - деді Жанар Айжанова. 

Жанар Айжанованың бағдарлама барысында бөліскен қуанышты жаңалығын @qaz.stars парақшасының авторы жариялады.