Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Жаңа айфондарды жақсы көрмейтін": Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелге "кастинг" жариялады

Шоу-бизнес жұлдызының оқырмандары оның бұл жазбасына қатысты түрлі пікір білдірді.

"Жаңа айфондарды жақсы көрмейтін": Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелге "кастинг" жариялады

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов екінші мәрте ажырасып кеткен соң, белсенді түрде үшінші әйел іздеуге кіріскен. Сәтсіз аяқталған некелері өнер иесінің бақытты отбасын құру туралы арманын бұзған жоқ. Ол әлі де махаббатын кезіктіріп, үлгілі жанұя болуға ниетті екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Өткен жылы екінші әйелі Ақбота Сейітмағамбетпен ажырасып кеткен Дәурен Айдарқұлов тағы да үйленгісі келетінні айтты. Алайда, өзі қалағандай аруды іздеп табу актер үшін ұиынға түскен. Себебі, бұл жолы өнер иесі толығымен хиджаб киетін қызбен ғана отбасын құруға ниетті. 

Үшінші рет бағын сынап көргісі келетін Дәурен Айдарқұлов желіде арнайы хабарландыру жариялап қойған. Онда ол болашақ жары қандай болғанын қалайтынын нақты жазған. 

"Мына аяқ киімнің иесін іздеймін. Ерекшеліктері: аяғының мөлшері 35-37, намаз оқиды, шашы хиджаб астында көрінбейді, мінезі жақсы, дәмді тамақ әзірлейді, жаңа айфондарды жақсы көрмейді" , - деп жазды актер өзінің Instagram парақшасында. 

Шоу-бизнес жұлдызының оқырмандары оның бұл жазбасына қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі оған бақыт тілеп қолдап жатса, енді бірі көпбалалы әрекетін аяусыз сынға алған. Ал кейбір желі қолданушылары оның сөздерін қалжын деп түсінген.

"Алла тағала салиқалы жарды нәсіп етсін" , "Сенің екі мәрте ажырасқаныңды біліп саған тұрмысқа шыққан қыздың есі ауысқан болу керек" , "Мені іздеп жүр екенсіз ғой" , "Хиджабтағылар мұндай аяқ киім кимейді" , "Сіз өзіңіз сондай аруға лайықтысыз ба?", "Меніңше, сіздің шарт қойғаныңыз дұрыс емес", "Эконом-класстағы жарды іздеп жүр" , - деп жазған көпшілік.