"Бұл аса қауіпті": Айқын Төлепберген қазақстандықтардың денсаулығына алаңдаушылық білдірді (ВИДЕО)

Желі қолданушылары да Айқын Төлепбергеннің үндеуіне үн қатып, қолдау білдіріп жатыр.

"Бұл аса қауіпті": Айқын Төлепберген қазақстандықтардың денсаулығына алаңдаушылық білдірді (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Әнші Айқын Төлепберген Instagram-дағы арақшасында қазақстандықтардың денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, өзекті мәселені көтерді, деп жазады Paryz.kz. 

Әнші велосипедшілерге арнайы жолақ барын айтып, жаяу жүргіншілерден сол жолмен жүрмеуін сұрады. 

"Құрметті достар, мен тағы да бір өзекті мәселені көтергім келіп отыр. Ол - велосипедтерге арналған жол мәселесі. Бұл жол арнайы велосипедтерге, мопедтерге, электросамокаттар үшін жасалған. Ол жолмен жаяу жүргіншілерге жүруге болмайды. Бұл аса қауіпті. Әсіресе, кішкентай балаларымен жүретіндерді түсінбеймін. Балалар деген бір орында тұрмайды, ары-бері жүгіріп жүреді. Сол кезде кенеттен біреу артынан самокатпен келіп қағып кетсе өздеріңіз кінәлі боласыздар. Велосипедтерге арналған жолмен жаяу жүргіншілер жүре алмайды. Абай болыңыздаршы. Қасындағы жаяу жүретін жандарға арналған жолмен жүріңіздер" , - деді ол.

Желі қолданушылары да Айқын Төлепбергеннің үндеуіне үн қатып, қолдау білдіріп жатыр.