Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Туған күніме сый": Жұлдыз Әбдікәрімова хан сарайындай үлкен үй сатып алды (ВИДЕО)

Құттықтаулар мен көрімдіктеріңізді дайындаңыздар

"Туған күніме сый": Жұлдыз Әбдікәрімова хан сарайындай үлкен үй сатып алды (ВИДЕО)
Дереккөз: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәромова туған күніне тосын сый жасап, зәулім үй сатып алды. Қуанышты жаңалығымен өнер иесінің жұбайы өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады Paryz.kz. 

Ол онда бұл қуанышты жаңалыққа өте қуанышты екенін жазған. 

"Аллаға шүкір, қатты қуанып тұрмын. Құттықтаулар мен көрімдіктеріңізді дайындаңыздар. Көп ойланбай, үй алдық! Туған күніме үлкен сый болды. Сіздерге де жұғысты болсын. “Әумин” деп қойыңыздар, алдағы уақытта жерін-ремонтын бәрін көрсетіп, бөлісетін боламын",-деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнерлі отбасының қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін жаударған. Олар: 

"Іші жанға толсын", "Тамаша жаңалық", "Бақытты болыңыздар" деген тілектерін жаудырып жатыр.