Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Есен Елеукен "Жайдарманда" бандит жігіттердің бар екенін мойындады

Негізі "Жайдарманда" ойнайтын балалардың көбінде ішкі проблемалары бар, олардың арасында бандит болған, көшенің балалары бар.

Есен Елеукен "Жайдарманда" бандит жігіттердің бар екенін мойындады
Дереккөз: Ақ Жайық

"Жайдарман" жетекшісі Есен Елеукен Qasqa Jol Youtube арнасына сұхбат беріп, жайдарманшыларды діни фанатизмнен құтқарып қалғандығын мәлімдеді, деп жазады Paryz.kz.

Оның айтуынша, ол теріс жастарды діни ағымға бағыттаған ағымдардың жетекшілерімен де жүздескен.

"2013,14,15 жылдары елордада емес, өңірлерде болды. Тікелей өзім барып, сөйлесіп, оларға ықпал етіп жүрген адамдармен де сөйлесіп, реттеп жүрдім. Намаз оқитын балалар бар, мен оларға шектеу қоя алмаймын. Бірақ қатты фанат болуына қарсымын және осы пікірде қала бермекпін. Негізі "Жайдарманда" белгілі бір деңгейге жеткен бала, оң-солын біледі. Ондай жолға түспейді",-деді ол.

Есен Елеукен сонымен бірге жайдарманшылардың арасында "бандит" балалардың да барын мойындады.

"Негізі "Жайдарманда" ойнайтын балалардың көбінде ішкі проблемалары бар, олардың арасында бандит болған, көшенің балалары бар. Барлығы бірдей емес, бірақ көпшілігі сондай. Олардың көбі энергиясын сахнаға шығарғысы келетін адамдар. Сосын тез жұлдыз болғысы келген балалар болды. Қазір олардың біразынан құтылдық. Бүгінде әлеуметтік желі деген бар, қаласаң сол жерде-ақ жұлдыз бола бер",-деді ол.