"Біреулер әзілдің сыйқы осы, өздері айтып, өздері күледі дейді" - Есен Елеукен

Жалпы мемлекет ақша құятын дүниелер көп жағдайда сәтсіз боп жатады.

"Біреулер әзілдің сыйқы осы, өздері айтып, өздері күледі дейді" - Есен Елеукен
Дереккөз: sputnik.kz

Танымал тележүргізуші Есен Елеукен Qasqa Jol Youtube арнасына көлемді сұхбат беріп, қазіргі қоғамда болып жатқан түйткілді мәселелерді көтерді, деп жазады Paryz.kz.

"Жайдарман" жетекшісінің сөзінше, өкінішке орай қазақ қоғамы "қолдағы барынан айырылып қалып жатыр" екен.

"Көп нәрседен айырылып қалдық, қазір үлкендер шығады, кітап оқымайды деп жастар. Біреулер шығады дұрыс ән жоқ деп, біреулер әзілдің сыйқы осы, өздері айтып, өздері күледі дейді. Қай саланы алсаң да, минустары көрініп жатыр",-деп күйінді ол.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде ашық-шашық киінетін қыздардың көбейіп кеткендігіне күйінді.

"Өткенде әлеуметтік желіде көрсетті, ашық-шашық денесін көрсететін қыздар көбейіп кетіпті. Өте көбейіп кеткен. Соны жастар көріп, қалыпты жағдай ретінде қабылдап жатыр, өкінішті",-дейді ол.

Сонымен бірге Есен Елеукен Қазақстанда Youtube-ке шектеу қойылады деген сауалға жауап берді.

"Жойылып кетеді айта алмаймын. Ресейге санкция салды екен деп, бізде де солай болмайды ғой... Кезінде Kaztube-ті де жарыта алмадық. Жалпы мемлекет ақша құятын дүниелер көп жағдайда сәтсіз боп жатады",-деді ол.