Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Өкпелегенім рас": Есен Елеукен кімге "шымкентше" қапалы?

Жоқ мен одан өттім, өкпелегенім рас.

"Өкпелегенім рас": Есен Елеукен кімге "шымкентше" қапалы?
Дереккөз: liter.kz

Белгілі тележүргізуші Есен Елеукен өзін ешкімге ренжімейтінін айтып, ағынан жарылды. Qasqa Jol Youtube арнасына сұхбат берген ол, талай адамға жақсылық жасағанын да айтып берді. Бұл туралы Paryz.kz жазады.

Жүргізушінің "кімге жақсылық жасап, өкіндіңіз?" деген сауалына Есен Елеукен "Ешкімге" деп қысқа ғана қайырды.

Десе де әлдекімдерге "шымкентше" қапалы екенін де жасырмады.

"Жоқ мен одан өттім, өкпелегенім рас. Олар келеді, амандасады, құшақтайды, әкем дейді. Мұндай жағдайлар елордаға алғаш келген жылдары, Алматы, Шымкентте де болды. Бастапқы кезде "шымкентше" айтқанда қапа болып, ренжіген жағдайлар болған. Одан да өтеді екенсің, өттік, қазір ешкімге ешқандай реніш жоқ",-деді ол.

Сондай-ақ ол кей "жігіттердің" тіпті үйіне де талай келіп, қонақ болғанын да айтты.  

"Иә, қазір ондай емес. Қазір бәрі үлкейді, бәрінің жағдайы бар. Қарсы алатындай үй болмаса да, бірақ үйге қонақ келсе, қарсы алатын жағдайым бар",-деп қысқа қайырды ол.