Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Жаңа құрбан": Дәурен Айдарқұлов желіге "кезекті сүйіктісімен" бірге түскен суретін жариялады

Актердің қылығын құптамаған оқырмандары суреттің астына кекетіп-мұқатқан пікір жаудырды.  

"Жаңа құрбан": Дәурен Айдарқұлов желіге "кезекті сүйіктісімен" бірге түскен суретін жариялады
Фото: instagram/daurenaidakulov

Қазақстандық актер Дәурен Айдарқұлов кезекті "сүйіктісімен" түскен суретін Instagram-дағы парақшасына жүктеп, оқырмандарының ашуына тиді, деп жазады Paryz.kz. 

Суретте актер аппақ киімдегі аруды құшақтап түскен.

"Ақ түсті жақсы көремін..." деген жазба қалдырды ол. 

Актер осы уақытқа дейін бірнеше мәрте үшінші әйел болуға лайықты қыз іздеп жүргенін жазған болатын. Сонымен қатар, актер болашақ жарының пәк және орамалда болуын талап ететінін айтқан еді. Желі қолданушылары Айдарқұловқа сөзі мен ісі үйлеспейтін адам екенін бетіне басып, ашуланды. 

Тағы оқи отырыңыз:

"Хиджабта жүріп екі баламды асырау қиын болды" - Ақбота Сейітмағамбет

"Көше кезбелері секілді": ажырасқан Айдарқұловтың кейінгі суреті қызу талқылануда

"Өлімнен кейін бәрі тоқтайды": Дәурен Айдарқұлов "жаңа әдіс" тапқанын айтты

Актердің қылығын құптамаған оқырмандары суреттің астына кекетіп-мұқатқан пікір жаудырды.  

"Осы адам шариғат туралы, таза әйел, зина және т.б. туралы жазбалар жазады, және өзі махрам емес әйелдің жанында тұрады (исламда әйелдің жақын туысы - ред.),  иіскеп, құшақтайды", "Жаңа құрбан", "Әйел ауыстырғанды да жақсы көресің", "Сен алдымен балаларыңды жақсы көр" ,"Тағы бір құрбан" -  деп жазды желі қолданушылары.