Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Сәдуақасова әйгілі қайын атасымен қарым-қатынасы туралы шындықты жайып салды

Мен келін боп түскен күнімнен бастап-ақ мені келіні деп емес, қызындай жақсы көрді

Сәдуақасова әйгілі қайын атасымен қарым-қатынасы туралы шындықты жайып салды
Дереккөз: Instagram/sadvakasovamadina

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова әйгілі қайын атасы Қабдеш Жұмаділовпен қарым-қатынасы жайлы ашып айтты. Әнші белгілі қаламгер туралы ойын өзінің Instagram парақшасында жазған, деп хабарлады Paryz.kz.

Әншінің айтуынша атақты қаламгер Мәдинаны келін емес, өз қызындай көрген.

"Қазақтың дарабоз қаламгері, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов 5-сәуір күні , өзінің 85 жылдық мерейтойына 20-ақ күн қалғанда дүниеден озды... Атамызды бүкіл алаш жоқтады... Мен келін боп түскен әулет үшін бұл қайғы екі есе ауыр соқты... Өмірінің соңына дейін бұл кісі шығармашылық жолын, жазуын тоқтатпады. Үнемі қозғалыста, шығармашылық ізденісте болды. Қазақ әдебиетіне, қазақ руханиятына қызмет етіп қана қоймай, ағайын-туыс, жақындарына да көңіл бөлді, әулеттегі әр туысқанның хал - жағдайын біліп, жай-күйін сұрастырып, қайғы-қуанышына ортақтасып, ақыл-кеңесін , батасын беріп жүрген қамқор аға, жанашыр жан бола білді... Мен келін боп түскен күнімнен бастап-ақ мені келіні деп емес, қызындай жақсы көрді",-деп еске алды ол.

Сондай-ақ өнер иесі ұлының есімін Әнуар деп қойған Қабдеш Жұмаділов екен айтқан.

"1986-жылы туған жолдасым Олжастың есімін атамыз Олжас Сүлейменовтің құрметіне қойса , ұлымыз туылғанда да “Әнуарлардың бәрі мықты! Қазақтың біртуар ұлы Әнуар Әлімжановтың құрметіне Әнуар болсын!” деді. Әнуарды ерекше жақсы көрді. Алланың жазуы шығар, соңғы түскен хабарында Әнуар гүл алып барып берді, атасына. Мен ән айттым. Сол күннен соң көп ұзамай кете барды...",-деп жазды әнші.

Сөз соңында Сәдуақасова отбасы үшін орны толмас қаза екенін айтып, қаламгер аталарын қашан да ұмытпайтынын жеткізген.

"Өзі аманат етіп кеткен Семей топырағына жерленді... Дәл бүгін жеті күндігі... Біздің әулетіміз үшін де, бар қазақ үшін орны толмас өкініш... Біз жақсы көретін ардақты Ата, Дара Тұлға , Қазақтың қабырғалы қаламгері жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, Үлкен Ата!",-деді ол.

Желі қолданушылары әншіге қолдау көрсетіп, бекем болуын сұраған. 

"Ғажап адам еді, бекем болыңыздар", "Тарихи тұлға, атамыздың арты қайырлы болсын", "Иманы жолдас болсын" деп жазды оқырмандар.