Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Нұр-Сұлтан саябағын аралаған Димаш Құдайберген студенттік кезін еске алды

Әнші Есілдің жағасында түскен фотосын Instagram-дағы парақшасына жүктеп, астына естелік жазба қалдырды.

Нұр-Сұлтан саябағын аралаған Димаш Құдайберген студенттік кезін еске алды
Фото: дереккөз

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтандағы саябақты аралап, студенттік кезін еске алды, деп жазды Paryz.kz. 

Әнші Есілдің жағасында түскен фотосын Instagram-дағы парақшасына жүктеп, астына естелік жазба қалдырды.

«Түнде жағалаудағы саябаққа келдім. Соңғы рет мен мұнда 5-6 жыл бұрын болдым. Бұл саябақта серуендемегеніме 5 жыл болған екен. Астанаға көшіп келген кезде мен өнер университетіне түскенмін, жастар болып осы жақта уақыт өткізкенді жақсы көретінбіз. Содан соң әркім өз жолымен кетіп, мен әлемді шарлай бастадым, кейде арасында шетелде тұруға тура келді. Бірақ мен қай жақта болсам да, кейде жалғыздықта түнгі аспанға қарап, өткенді еске алып, шығармашылық шабытқа кенелгенді ұнатамын», - деп жазды әнші.