Диета KZ әншісі алғаш рет отбасы мен балаларын көпке көрсетті

Сондай-ақ әнші 30 миллион теңгеге көтерген зәулім үйін көрсеткен. 

Диета KZ әншісі алғаш рет отбасы мен балаларын көпке көрсетті
Дереккөз: Caravan.kz

"Диета KZ" тобының әншісі Нұрбақыт Қарағай алғаш рет үйі мен балаларын көпке көрсетті, деп жазады Paryz.kz Опмай-Опмай бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай әншінің бүгінде екі ұлы бар және олар үшіншісін күтіп жүр екен.  Сондай-ақ ол әйелі мен балаларын бұған дейін не себепті елге көрсетпегенін мәлім етті. Бағдарламада оның әйелінің есімі Кенже, ал мамандығы  дәрігер екендігі белгілі болды.

"Бізде мұсылманда әйелін қызғану деген бар, әйелін қызғанбаған еркек жәннатқа кірмейді, ол шошқамен тең деп айтады. Мынау менің әйелім деп көрсетіп жатқан нәрсе, «әй, еркектер келіңдер мынау менің әйелім» дегенмен бірдей",- деді Диета KZ тобының әншісі.

Сондай-ақ әнші 30 миллион теңгеге көтерген зәулім үйін көрсеткен. Оның айтуынша ол бастапқыда үйді 17-18 миллион теңгеге саламын деп ойлаған.

"Карантин кезінде соғылған үй болғандықтан, көп нәрсе қымбатқа түсті",-дейді ол.