09.04.2021, 11:27

Әнші Құралай мен Мирас төрт қабатты зәулім үйлерін көрсетті

Дереккөз: qazaq.uni

Өнер иелерінің хан сарайындай үйлерін таныстырып жатқан сәті Instagram-дағы танымал пабликтердің бірінде пайда болды.

Белгілі жұлдызды жұп Құралай мен Мирас хан сарайындай зәулім үйлерін көрсетті. Әншілерлердің айтуынша, олар мұндай үйді бұрыннан армандапты, деп хабаралады Paryz.kz.

Өнер иелерінің хан сарайындай үйлерін таныстырып жатқан сәті Instagram-дағы танымал пабликтердің бірінде пайда болды. Онда әншілер тележүргізуші Анна Данченкоға үйлерін көрсетіп жүр.

"Мына жерде холл, бірнеше санузел. Мынау зал, қазақ болған соң қонақ шақырмай тұрмаймыз. Анам бірақ бұл залды бұдан да үлкен қылып салу керек шығар",-дейді әнші Мирас Бекжанов.

Ол сондай-ақ, жары Құралайдың үлкен асхананы армандағанын айтты.

"Құралай бұрыннан үлкен асхананы армандайтын. Міне мынадан үлкен қандай асхана керек",-деп күлді әнші.