Көпке "Келінжан" телехикаясымен танылған Нұргүл Мыңғатова ұлды болды

Өміріндегі қуанышты жаңалығын актриса өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Көпке "Келінжан" телехикаясымен танылған Нұргүл Мыңғатова ұлды болды
Дереккөз: liter.kz

Көпшілікке "Келінжан" телехикаясы арқылы танылған актриса Нұлгүл Мыңғатова дүниеге сәби алып келді. Өнер иесі ұлды болды, деп хабарлады Paryz.kz.

Өміріндегі қуанышты жаңалығын актриса өзінің Instagram парақшасында жариялады. Ол онда:

"Аллаға шүкір. Жақсы жаңалығым. 08.04.2021 Ұлды болдық, баршаңызға мың алғыс",-деп жазды.

Танымал актрисаны құттықтаушылар қатарында әнші Алтынай Жорабаева, актриса Салтанат Бақаева, актер Қайрат Әділгерей және т.б. болды. Олар актрисаның парақшасында: "Бауы берік болсын", "Тамаша", "Аман-есен аяқ-қолыңды бауырыңа ал Алла қаласа" деген жүрекжарды пікірлерін жазған.

Желі қолданушылары да өнер иесінің қуанышты жаңалығына жаппай жылы лебіздерін білдіріп жатыр.