08.04.2021, 15:41

Тележүргізуші Анна Данченко "көп сөйлегені" үшін көрерменге жақпай қалды

Фото: ашық дереккөз

Сонымен қатар Анна Данченко өзінің адам тани алатын қасиеті барын, жақсы жақтарын жіпке тізіп, мақтана жөнелді.

"Бір болайық" бағдарламасының жүргізушісі Анна Данченко көп сөйлеймін деп, көптің көңілінен шықпай қалды, деп жазады Paryz.kz.

Танымал тележүргізуші өзін көп сөйлегені үшін сынағандарға Instagram-дағы парақшасында жауап берді. Ол тележүргізушілік міндетін атқару барысында көп сөйлеу керек болғанын айтып ақталды. Бұл сыни пікірлер тележүргізуші тарапына "Бір болайықта" бұрынғы ғашықтар Ислам мен Шынардың қауышқан сәтінен кейін келіп түскен.

"Көп сөйлейсіз" деп жазатын көрермендер бар. Әсіресе кеше Ислам мен Шынар студияда кездескен кезде. Мүмкін, бірақ көп көріспей, елдің алдында жүздесіп отырған қыз бен жігіттің әңгімесіне араласқым келмейді, сондықтан олар бір-бірімен оңаша отырып сөйлесетінін сездім. Ол әңгімеге маған араласқан ұят. Ол - жеке. Мен, жобаның жүргізушісі болғаннан кейін екеуі үндемей қалмаса екен, сұрақтар да, жауаптар да бағдарламаны көріп отырған телекөрерменге қызықты болса екен деп барымды салдым. Оған қоса, әңгімеміз 1 сағатқа созылды. Шынармен алғаш танысып-көрісуім, ел көп күткен аруды мен де жақсылап танығым келді, - деп жазды ол.

Сонымен қатар Анна Данченко өзінің адам тани алатын қасиеті барын, жақсы жақтарын жіпке тізіп, мақтана жөнелді. Осы жазбасымен желі қолданушылардың сынына нүкте қойды.

"Мен ойланып сөйлейтін адаммын, жүрегім қалай сезеді сауалдарым да сол жағдайға сай қойылады.Тәжірибем бар, адам танимын, сондықтан мен жастарға сөйлеуге мүмкіндік бермедім емес, сол сәтте екеуінің ашылып сөйлесіп, естеліктерімен бөліскендерін қаладым" , - деп жазды Анна Данченко Instagram парақшасында.