08.04.2021, 14:17

Imanbek әлем жұлдыздарымен бірге тағы бір жаңа туынды шығармақ

Дереккөз: liter.kz

Ол бұл жолы кезекті туындысын Шон Пол және София Рейес сынды әлем жұлдыздарымен жазбақ.

Жақында ғана атақты «Грэмми» сыйлығын ұтып алған Imanbek жақында өз тыңдармандарын тағы қуантпақ. Ол әлем жұлдыздарымен бірге жаңа ән жазатынын мәлімдеді, деп хабарлады Paryz.kz.

Қуанышты жаңалығымен Imanbek өзінің Instagram желісінде бөлісті. Ол онда:

"Жаңа трек жұма күні. Күтіп отырсыздар ма?",-деп жазды.

Ол бұл жолы кезекті туындысын Шон Пол және София Рейес сынды әлем жұлдыздарымен жазбақ.

Желі қолданушылары жас талантқа қуанышты сәттілік тіледі. Олар:

"Жарайсың", "Тек алға", "Қазақстанның атын шығара бер" деген тілектерін жарыса жазып жатыр.