Өнер иесі бұл жаңалығымен өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
Әнші Әли Оқапов пен Диас Абылаев, Ержан Мұқатаев сынды жас әншілер КВИ-ға қарсы екпе салғызды. Өнер иесі бұл жаңалығымен өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп жазады Paryz.kz.
Оқаповтың айтуынша оның денсаулығы бүгінде жақсы.
"Жағдайым жақсы. Екпе салғыздым. Тегін. Спутник V. Рахмет",-деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншіге екпеден кейін өзін күтунуін сұраған. Олар:
"Абай болыңыз", "Жеңілінен болсын", "Ем болсын" деген тілектерін жаудырып жатыр.