Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Әкесіз өспедім": Нұрболат Абдуллин әкесіне жантебірентерлік жазба арнап, елді жылатты

Эстрада жұлдызы жантебірентерлік жазбасын өзінің Instagram парақшасында қалдырған.

"Әкесіз өспедім": Нұрболат Абдуллин әкесіне жантебірентерлік жазба арнап, елді жылатты
Дереккөз: stan.kz

Белгілі әнші Нұрболат Абдуллин желіде әкесіне жантебірентерлік жазба қалдырып, көпті жылатты, деп хабарлады Paryz.kz.

Эстрада жұлдызы жантебірентерлік жазбасын өзінің Instagram парақшасында қалдырған.

"Әкесіз өспедім ғой Аллаға шүкір! Бала боп еркеледім,мейірімін сезіндім,ақылын берді,еңбекке баулыды. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырды. Тамаша Ана тауып бердіңіз, рахмет Әке. Жұбану қиын болғанымен Алла сабыр етуші пендесін сүйеді ғой.
Сіз туралы арманым көп еді “әттең-ай!” Отызыңда дүниеге келген кенже ұлың бүгін 30-ға толды. Бұл құттықтауыңыз енді менің мәңгі жадымда! Жаныңыз жәннатта болсын! Сене алар емеспін, Қош Әке!",-деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншіге көңіл айтып, түрлі пікірлер қалдырып жатыр. Олар: "Бекем болыңыз","Әкеңіздің көрмеген қызықтарын балалары сіздер көріңіздер", "Сабырлы болыңыз" деген пікірлерін жаудырып жатыр.