Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Дүкенге де сұранамын": Төреғалидің жары келін боп түскен кездегі қиындықтарымен бөлісті

Кішкентай отанымыздың түтінін түзу түтетіп, қызметімізді адал атқару біздің, яғни келіндердің, аналарымыздың жауапкершілігінде сияқты!

"Дүкенге де сұранамын": Төреғалидің жары келін боп түскен кездегі қиындықтарымен бөлісті
Фото: ашық дереккөз

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары жұлдызды отбасыға келін болып түскен кезін есіне алып, басынан өткен жайттарды ақтарды. Бастапқыда жаңа жанұясындағы тәртіп Толқынға аса қаталдау болып көрінген. Оның сөзінше, атасы әулет мүшелерінің әр қадамын жіті қадағалайтын, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Толқын Тұрарбекқызы алғаш келін болып түскен кезде жаңа отбасының талаптары мен ережелеріне біраз уақытқа дейін үйренісе алмаған. Әншінің келіншегі өзі үшін таңсық жайттарға тап болғанын айтады. Ол тіпті дүкенге бару үшін де сұранып, рұқсат алуға міндеттелген.

Төреғалидің әйелі отбасылық өмірінің басында көптеген жағдайларды түсінбей қарсы шығып, ұрыс шығарғанын да жасырмады. Бұл әрекеті үшін жолдасынан оңбай сөз естігенін де ашық айтты.

"Отан - отбасынан басталады! Кішкентай отанымыздың түтінін түзу түтетіп, қызметімізді адал атқару біздің, яғни келіндердің, аналарымыздың жауапкершілігінде сияқты! Иә, ағаштың екі ұшы болады әрине, бірақ көрпені әркім өз жағына тарта бермей, өзінің міндетіне бекем болса, шіркін әрбір отбасы шынайы бақыттың дәмін сезер еді. Сол ұлтымызға деген қызметіміз, отбасымыздағы қызметтен бастау алмай ма?! Жаңадан келін боп түскен кезімде, көптеген қызықтарды өткердім. Бәрімізде бәрін біліп келген жоқпыз, әрине. Әрі жаңа ортада бірі ұнаса, бірі ұнамайтын, бірі қабылдаса, бірі қабылдамайтын тұстары да бар емес пе? 

Біздің отбасындағы заң қаталдау боп көрінді. Тіпті күйеуіме дейін әрбір қадамы, атамның қадағалауымен болатын. Ол кезде үйіміздің қасындағы бір метр жердегі дүкенге де сұранып, ескертіп жүру керек болды, әрі өзім барып келе алмайтынмын, қасыма бір адам еріп жүру керек болатын. Ол жарымның бұйрығы‼️ Басында маған қатты таңсық көрінетін. Иә, қарсы тұрып, ода тұрған не бар екен деп, болмашы нәрсеге ұрыс шығарып көргенмін...Сол үшін оңбай сөз еститінмін. Бір-рет жарыма солай айтқанымда, ол кісінің сөзі жадымда мәңгілік жатталып қалыпты, “Күйеуінің рұқсатынсыз үйінен шыққан әйелге, үйіне кіргенге дейін періштелер лағынет айтады” деді. Ауыр әрине.

"Жарайды, дегеніммен, іштей қарсылық тұратын. Әрі діни сауаттың да аздығынан ол сөздердің астарын түсіне де бермеген сияқтымын. Уақыт өте бәріне мінезімнің ең мықты жері, сол іштегі қарсылықтарға өзім төтеп берем деп шештім...Табандылық танытып, содан бері, сол бағыттан таймауға тырысамын! Әрі қызметіме де орасан зор пайдасын әкеліп жатқанын көзіммен көріп келемін! Ойланып қарасақ, қазақтың дәстүрінің өзі келіндеріміздің иіліп сәлем салған сайын, психологиялық өзгеріске ұшыратып бейсаналы түрде иілуін талап еткізетіндей. Сол физикалық іс-қимылды санамызға сіңіріп, иіле берсек нұр үстіне нұр болар еді" , - деп жазды Толқын Instagram желісінде.