Әкем де, анам да темір жолда істеді. Әкем қайтыс болды. Сөйтіп анам екінші рет тұрмыс құрды да, біз інім екеуміз ата-әжеміздің қолында тәрбиелендік.
Әнші Жұлдыз Өмірғали "Менің өмірім" бағдарламасына қонақ болып, бұрын-соңды еш жерде айтпаған сырларымен бөлісті, деп хабарлады Paryz.kz.
Өнер иесінің айтуынша ол інісі екеуі әкесінен ерте айырылған. Сөйтіп ата-әжесінің қолында тәрбиеленген екен.
"Әкем де, анам да темір жолда істеді. Әкем қайтыс болды. Сөйтіп анам екінші рет тұрмыс құрды да, біз інім екеуміз ата-апамыздың қолында тәрбиелендік. Атам да 40 жыл теміржолда, әжем 40 жыл мұғалім болған кісілер",-дейді әнші.
Сондай-ақ әнші сұхбат барысында ауылда тұрғанын, тіпті сиыр сауғанын да айтып қалды.
"Ерке болдым деп айта алмаймын. Ауылда тұрдық. Сиыр саудым, үйдің жұмысын істедім. Анама барып тұратынбыз, өзім ана болғалы анамды жақсы түсінемін. Бірақ інім екеумізді не үшін тастап кетті екен? Мен өз балаларымды ата-апасына тастап кете алмайтын едім. Мені сол сұрақ әлі де мазалайды",-деп ренішін білдірді әнші.